Астанада «жасыл энергия» бойынша форум өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «жасыл энергия» бойынша форум өтті

13.07.2017

«Жасыл көпір серіктестік бағдарламасы». «ЭКСПО» көрмесі аясында Астанада осындай атаумен халықаралық форум өтті. Жиында климаттық өзгерістер, «жасыл» экономика мен технологиялар, оған құйылатын инвестиция тақырыптары талқыланды. Шетелдік қонақтардың ішінде Нобель сыйлығының лауреаты, халықаралық ұйымдардың Қоршаған орта департаменті өкілдері бар.

Сондай-ақ, шара барысында қазақстандық мамандар Австрия технологиялық институтымен «жасыл» технологиялар жөнінде меморандумға қол қойды. Жиын кеше басталған еді. Оның ашылуына Энергетика министрі Қанат Бозымбаев қатысып, сөз сөйледі.

Ал бүгін, форум қонақтары Ақмола облысындағы Арнасай ауылымен танысып, EXPO-Camp лагерін араламақ. 

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу