Астанада «Кеңістік. Уақыт. Сәулет» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Кеңістік. Уақыт. Сәулет» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

24.06.2015
Астанада «Кеңістік. Уақыт. Сәулет» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

25 маусым күні Астанада С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде  «Кеңістік. Уақыт. Сәулет» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.  Жиын «Сәулет өнері» мамандығының  ашылғанына 50 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды  оқу ордасының баспасөз қызметі.

Шараға университет ректоры А.Күрішбаев, Астана қаласының әкімі Ә.Жақсыбеков, Экономика және құрылыс министрінің орынбасары Қ.Өскенбаев, ҚР Халықаралық академиясының жетекшісі Б.Құспанғалиев, ҚР Архитекторлар одағының президенті А.Рустамбеков, Астана қаласының бас архитекторы В.Силецкий қатысады.

Конференцияға қатысушылар қатарында Қазақстан Республикасына Еңбегі сіңген мәдениет қайраткерлері, Халықаралық сәулет академиясының академиктері мен профессорлары, сәулет өнері мен қалақұрылыс саласындағы басты ғалымдар мен мамандар, қалалардың бас сәулетшілері, жобалау ұйымдарының басшылары - әр жылдардағы сәулет өнері факультетінің түлектері бар.

Конференция барысында ҚазАТУ-да Қазақстан және шетелдің жетекші шығармашылық жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары және оқытушыларының көрмесі өтеді.

Ал,  26 маусым күні  Тәуелсіздік сарайында форумның әріптестік жобалар көрмесі және сәулет өнері факультетінің жетекші түлектері көрмесінің ресми ашылуы өтпек.

Хабарламаларға жазылу