Алматыда ірі жол апаты болып, 5 адам ауыр жарақат алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда ірі жол апаты болып, 5 адам ауыр жарақат алды

21.09.2015
Алматыда ірі жол апаты болып,  5 адам ауыр жарақат алды

№4 трамвай жол жиегінде тұрған және қарсы бағыттағы бірнеше автокөлікті соғып өткен. Алдын ала болжам бойынша, қоғамдық көліктің тежегіші істен шыққан. Апат кезінде трамвайдың ішінде жолаушылар да, жүргізуші де болмаған. Себебі, куәгерлердің айтуынша, қоғамдық көлік әуелі жол бойында тоқтап, жолаушыларды түсірген. Содан кейін трамвайдың жүргізушісі сыртқа шығып, оны жөндей бастаған. Сол уақытта қоғамдық көлік өздігінен жүріп кеткен.

Апаттың нақты себебін анықтау үшін оқиға орнында жедел полиция тобы жұмыс істеуде.

 

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу