Түркістан облысында жол апатынан 6 адам жарақат алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында жол апатынан 6 адам жарақат алды

11.10.2021

Түркістан облысында жантүршігерлік жол апаты болып, 6 адам жарақат алды. Оқиға батыс Европа-батыс Қытай жолының бойында таңғы жақын болған. Ішінде 5 жолаушысы бар «Toyota Alphard» автокөлігі 4 жылқыны соғып өткен. Салдарынан көліктегі 5 жолаушы мен жүргізуші түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Жағдайлары жақсы. Полиция малдың иесін іздестіріп жатыр.


Хабарламаларға жазылу