Елордада «Мектепке жол» акциясы жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «Мектепке жол» акциясы жалғасуда

27.08.2015
Елордада «Мектепке жол» акциясы жалғасуда

Елордада «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы жалғасуда. Бүгін Ішкі істер департаменті қызметкерлері мектепке бармай қалған балаларды анықтап, оларға әлеуметтік көмек көрсетті.

Әрбір елді мекенді, қала сыртындағы саяжайларды, тіпті шаруа қожалықтарын аралап, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларынан шыққан балаларды мектепке дайындады.

Жалпы, Астана полицейлері жаңа оқу жылы қарсаңында ерекше көмек қажет ететін 21 баланы мектепке дайындады. Балдырғандарды арнайы дүкенге апарып, мектеп формасын, сөмкелері мен аяқ-киімдерін алып берді. «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы қазан айына дейін жалғасады. 

Ләззат БЕКТАС

Хабарламаларға жазылу