Жыл соңына дейін көрермен назарына «Аяулы арман» көпсериялы телехикаясы ұсынылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыл соңына дейін көрермен назарына «Аяулы арман» көпсериялы телехикаясы ұсынылмақ

15.07.2015
Жыл соңына дейін көрермен назарына «Аяулы арман» көпсериялы телехикаясы ұсынылмақ

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасының тапсырысы бойынша дайындалып жатқан «Аяулы арман» фильмінің сценариін жазған және қоюшы режиссері Рашид Сүлейменов.

Шым-шытырық оқиғалар мен махаббат сезіміне құрылған фильмнің басты рөлдерін 20 әртіс сомдаса, қосалқы рөлдерде жүзге жуық жасөспірім ойнайды. 46 сериалы фильм желтоқсан айына дейін түсірліп «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан көрсетілмек.

Тосын жағдайға тап болған басты кейіпкер Аңсар жетімдер үйінің тәрбиленушісі. Ол басындағы қиын жағдайға мойымай, тағдыр жазуын аса сабырлылықпен көтеріп, жақсылықтан күдерін үзбейді. Фильмнің мақсаты - жастарды денінің саулығына шүкіршілік етіп, еңбек етуге шақырады.

 

Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу