Бүгін «Аяулы арман» телехикаясы эфирге шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін «Аяулы арман» телехикаясы эфирге шығады

31.03.2016
Бүгін «Аяулы арман» телехикаясы эфирге шығады

«Аяулы арман» телехикаясы - балалар үйі тәрбиеленушілерінің өмірі мен үлкен өмірге жасаған алғашқы қадамдары туралы туынды. Кейіпкерлер қуаныш пен қайғыны, алғашқы махаббат сезімдерін, достық пен сатқындықты бастарынан өткереді.

Бірақ, олар жалғыз емес. Жастарға  ата-анасы мен туған-туысқандарының орнын басқан жолдастары, ұстаздары және тәрбиешілері үнемі қолдау көрсетіп отырады. 

64 бөлімнен тұратын телехикая Ұлттық арнадан дүйсенбі-бейсенбі аралығында 21:05-те көрсетіледі.

Теленовелланың ерекшелігі - туындыға кезінде балалар үйінде өскен актерлермен қатар, жасөспірімдер үйінің қазіргі тәрбиеленушілері де қатысады.

 

 

Хабарламаларға жазылу