Өскеменде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бизнес-инкубатор ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бизнес-инкубатор ашылды

22.06.2015
Өскеменде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бизнес-инкубатор ашылды

Облыстық ерікті мүгедектер қоғамдастығының базасында ашылған орталықта қазіргі таңда 3 бағыт бойынша жұмыс жүргізіледі.

Шығармашылық шеберханада мүмкіндігі шектеулі жандар тігін ісіне үйрене алады. Массаж жасайтын кабинетте арнайы оқу курстарын тәмәмдаған 2 зағип жұмыс істейді. Ал, үшінші кабинетте веб-дизайнның қыр-сыры үйретіледі.

Бұл кабинеттердегі құрал-жабдықтар БҰҰ даму бағдарламасы бойынша алынған. Болашақта мұндай бизнес-инкубаторларды облыстың барлық аудандарында ашу жоспарланып отыр.

 

Берік КӨШЕРБАЕВ

Хабарламаларға жазылу