Мүмкіндігі шектеулі жандарға көңіл бөлінуде

08.10.2014
Мүмкіндігі шектеулі жандарға көңіл бөлінуде

Астанада мүмкіндігі шектеулі жандар күні аталып өтілді. Қоғамдық ұйымдар бастауымен өткізілген шараға жүзге тарта мүгедек жан қатысты.

Бүгін мүмкіндігі шектеулі жандар үшін үлкен мереке. Жылына бір рет келетін бұл күнді қоғамдық ұйымдар атап өтуді дәстүрге айналдырған. Жыл бойы жүргізілген сайыста үздік шыққан 34 мүмкіндігі шектеулі жандар марапатталды.

Қазір Қазақстанда 600 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі жан бар. Солардың 70 пайызы екі қолға бір күрек ұстауға жарамды. Ал, әзірге мүгедектердің небәрі 20 пайызы жұмыспен қамтылған.

Әлия ӘШІМ

 

Хабарламаларға жазылу