Өскеменде мүмкіндігі шектеулі жандар жұмыспен қамтылуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде мүмкіндігі шектеулі жандар жұмыспен қамтылуда

13.06.2014
Өскеменде мүмкіндігі шектеулі жандар жұмыспен қамтылуда
Жыл басынан бері Өскеменде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін үш рет бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді.
 
Нәтижесінде, 22 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Бұдан бөлек, әлеуметтік жұмыстарға 16, арнайы курстарға 8 мүгедек жіберілген. Ал, 9 адам қоғамдық жұмыстарға тартылды.
 
Мәселен, Халыққа қызмет көрсету орталығында барлығы 15 мүмкіндігі шектеулі азамат жұмыс істейді.
 
Солардың бірі – Дидар Мусин. III топтағы мүгедек жігіт жоғары білімі болса да, осы уақытқа дейін еш жерде еңбек етпеген. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысып, орталыққа кеңесші болып орналасты.
 
Дидар Мусин, Халыққа қызмет көрсету орталығының инспекторы:
Жұмыс табу өте қиын. Халыққа қызмету көрсету орталығына алғысым шексіз. Бөлмей, мені сау адамдай көріп, жұмысқа қабылдады. Ризамын бәріне, жұмысым өзіме ұнайды.
 
Берік КӨШЕРБАЕВ

Хабарламаларға жазылу