Қарағанды облысының Абай қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысының Абай қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды

11.06.2019

Мұнда волейбол, баскетбол, шағын футболға арналған залдар және жаттығу бөлмесі бар. Тәулігіне шамамен 600 адам шыныға алады. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін үстел теннисі, жеңіл атлетика және волейболмен айналысуға барлық жағдай жасалған. Жаңа нысанның ашылуына Серік Сәпиев арнайы келіп, жерлестерін құттықтады. Келешекте кешенде 20 бапкер жұмыс істейтін болады.

Қарағанды облысының Абай қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. Мұнда волейбол, баскетбол, шағын футболға арналған залдар және жаттығу бөлмесі бар. Тәулігіне шамамен 600 адам шыныға алады. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін үстел теннисі, жеңіл атлетика және волейболмен айналысуға барлық жағдай жасалған. Жаңа нысанның ашылуына Серік Сәпиев арнайы келіп, жерлестерін құттықтады. Келешекте кешенде 20 бапкер жұмыс істейтін болады.

Амангелді Нұрмұқанов, Абай аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы:

Бұндай дене шынықтыру-сауықтыру кешені Абай ауданында болмаған. Сондықтан біз жарыстарды, спорттық іс-шараларды мектептердің спорт залдарында өткізіп жүргенбіз. Кешенде футболдан, волейбол, баскетбол, қол добы, жеңіл атлетика, күрестің бірнеше түрінен үйірмелер ашылады.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу