Батыс Қазақстан облысында цемент зауытының құрылысы қайта жанданады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан облысында цемент зауытының құрылысы қайта жанданады

02.02.2022

Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданында цемент зауытының құрылысы қайта жанданады. Құны 2,5 млрд теңге болған өндірістік жоба 15 жыл бұрын республикалық телекөпірде таныстырылып, іргетасы қаланған еді. Алайда құрылыс 2008 жылдардағы дағдарыста тұралап қалды. Биыл маңызды жоба аймақты дамытудың кешенді жоспарына енгізіліп, құрылысы басталмақ.

Сондай-ақ, Теректі ауданының Алғабас ауылында мұнайды терең өңдеу зауытының құрылысы жүріп жатыр. Кәсіпорын жылына 1 млн тонна мұнай өнімін шығарады деп болжанып отыр. Ал Теректі ауданы Ақсуат ауылдық округінде 300 гектар аумақта индустриалдық аймақ құрылады.

Мейрам Қабдығалиев, облыстық Кәсіпкерлік басқармасының ресми өкілі:

Тасқала ауданында цемент зауыты жоспарлануда. Бұл жобаның жалпы құны – 75 млрд теңге шамасында, 60 жаңа жұмыс орны ашылады. Зауыттың қуаттылығы жылына 580 мың тонна цемент өндіреді. Бұл өнімді біздің облысқа және шет аймақтарға шығаруға мүмкіндік береді.

Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу