Алматыда адам құқықтары жөнінде басқосу өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда адам құқықтары жөнінде басқосу өтті

29.05.2015
Алматыда адам құқықтары жөнінде басқосу өтті

ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның жүргізген зерттеуі бойынша елімізде бір жылда 1160 адамның түрлі жағдайда құқығы шектеліп, ұрланып, жоғалған деректер анықталған. 

Осындай жағдайларды болдырмау үшін бүгін Алматыда мемлекеттік қызметкерлер мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері бас қосты.

Басқосуда Елбасы жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның арнайы баяндамасы таныстырылды.

Қазақ, орыс және ағылшын тілінде дайындалған жинақта адам саудасына қарсы күрестің өзекті мәселелері мен шетелдік тәжірибелер қарастырылған. Адам саудасы құрбандарына арнайы әлеуметтік көмек көрсету жолдары көрсетілген. 

Баяндама материалдары Заң шығарушы, атқарушы және адам құқықтарын соттан тыс қорғау институттарына көмекші құрал ретінде пайдаланылмақ.

 

Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу