БҰҰ-на Қазақстанның Адам құқықтары жөніндегі комиссия 214 ұсыным түсірген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҰҰ-на Қазақстанның Адам құқықтары жөніндегі комиссия 214 ұсыным түсірген

16.02.2024

БҰҰ-на Қазақстанның Адам құқықтары жөніндегі комиссия 214 ұсыным түсірген. Оның 30 пайызға жуығы жүзеге асқан. Бұл 4,5 жыл ішінде атқарылған жұмыс. Кеңесте қолдау тапқан ұсынымның бірі ол жақында ратификацияланған Балалардың құқығы. Яғни, Қазақстанда бала құқығы бойынша әділетсіздікке тап болғандар шағым түсіре алады. Ол үшін баланың заңды өкілі БҰҰ-ң Бала құқықтары жөніндегі комитетіне арыз жазуы тиіс. Баланың құқығы халықаралық деңгейде қорғалады.

Айта кетейік, БҰҰ-ы барлық мүше мемлекеттерді әр төрт жарым жыл сайын адам құқықтары саласындағы жағдайды сараптамалық бағалауға шақырады. Ендігі басқосу, жоспарға сәйкес қазан айында болады. Бүгін мамандар жүзеге асқан ұсынымдарды қорытындылап, алда көтеретін мәселелерді талқылап жатыр.

Тастемір Әбішев, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары:

214 ұсыным болған. Әділет министрілігінің айтуынша, 30 проценті орындалды деп жатыр ғой. Менің айтайын дегенім, осы ұсынымдардың басым көпшілігі негізгі дегендері орындалды. Мысалы, Ата заңнан өлім жазасын алып тастау керек толық. Содан кейін бізге бірнеше мемлекеттер айтқан. Сіздер неге азаматтық, саяси құқықтар жөніндегі хаттаманы бекітпейсіздер, ратификацияламайсыздар дейді. Ол ратификацияланды. Содан кейін мүгедек жандардың құқықтарына байланысты хаттама бар, ол да бекітілді. 


Хабарламаларға жазылу