Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі қызметкерлері «Өз ағашыңды отырғыз» науқанын өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі қызметкерлері «Өз ағашыңды отырғыз» науқанын өткізді

26.04.2017

«Өз ағашыңды отырғыз және табиғатты қорғауға көмектес!». Бұл Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі қызметкерлерінің ортақ ұстанымы. Еңбек  ұжымы «Өз ағашыңды отырғыз!» науқанын өткізіп, алматылықтарға өз көшетін отырғызып, жерімізді гүлдендіруге үлес қосуға себеп болды. 200-ден аса адамның басын біріктірген шараға жас та, жасамыс та қатысып, Мохнатка тауының бөктеріне 4000 түп шырша екті.  Бұл шыршалар бой алып, тамыры тереңдегенше арнайы мамандардың күтімінде болады. Ұйымдастырушылар осылайша алып Алатаудың бөктерін қалың орманға айналдыруды мақсат етіп отыр. 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу