Талдықорғанда «Таза Қазақстан» акциясы аясында 1000 түп көшет егілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда «Таза Қазақстан» акциясы аясында 1000 түп көшет егілді

11.04.2024

Талдықорғанда «Таза Қазақстан» акциясы аясында көктемде 1000, күзге дейін тағы 5 мың көшет отырғызу жоспарланып отыр. Мұнан бөлек, 50 мың түп гүл егіледі. Жалпыхылықтық шараға шаһар тұрғындары, мекеме ұжымдары мен зейнеткерлер де ат салысып, көшелерге жаппай тал егіп, көгалдандыру жұмыстарына өз үлестерін қосты. Облыс орталығынан 300 тоннадай күл-қоқыс шығарылып, арықтар мен суағарлар тазартылуда. Жалпы қаланың тазалығына жауапты 800 жұмысшысы бар, 8 кәсіпорын жауапты.

Сәуле Жұматаева, қала тұрғыны:

Талдықорған дегенде жан-жақтан естіген ел қалай Талдықорған дейді? Біз айтамыз талменен бізді бүйтіп жауып қойған бізді. Ал бір жері ашық болса, Талдықорғанымыз сәні кетіп қалады. Өзіміз соған үйреніп кеткенбіз ғой. Бір үй тұрғызсаң екі-үш ағаш отырғыз. Алма ағашын отырғыз.

Қуаныш Қанатұлы


Хабарламаларға жазылу