Семейде «Саябақтар шеруі» республикалық акциясы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде «Саябақтар шеруі» республикалық акциясы өтті

29.05.2015
Семейде «Саябақтар шеруі» республикалық акциясы өтті

Семейде «Саябақтар шеруі» республикалық акциясы өтті.

«Семей орманы» табиғи орман резерватының ұйымдастыруымен жыл сайын өткізілетін шарада қарағайлы орманды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.

Оған орманшылармен қатар, мектеп оқушылары, студенттер де белсенді атсалысты. Экологиялық шарада 4,5 мың гектар жерге жас көшеттер егілді.

Резерват қызметкерлері акция қорытындысы бойынша табиғатты қорғауға үлес қосқан орманшылар мен  жастарды марапаттады.

 

Ержан ЖАҚЫП 

Хабарламаларға жазылу