Павлодарда құстардың дауысы жазылған аудиожинақ шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда құстардың дауысы жазылған аудиожинақ шықты

11.04.2015
Павлодарда құстардың дауысы жазылған аудиожинақ шықты

Павлодарда құстардың дауысы жазылған аудиожинақ жұртшылыққа жария етілді. Онда облыс аумағын мекендейтін және бұл өңірде сирек кездесетін, яғни, көктем мен күздегі қоныс аудару кезінде уақытша қонақтайтын қанаттылардың дауыстары бар.

Аудиожинаққа 300-ге тарта құстардың дауыстары жазылған. Ең қысқа құс дауысының әуені 10 секунд, ал ең ұзағы 2 минут 28 секундқа дейін барады.

Аудиожинақтағы дауыстар су құстары, орман-тоғай, қыр, дала, тау, шөлейт құстары- деп мекен ету жерлеріне байланысты топ-топқа бөлінеді. Енді олардың фотосуреттері де жеке жинақ болып шығады.

Болат АМАНБАЕВ

 
 
 
 
 
 

Хабарламаларға жазылу