Шедд океанариумының пингвиндері тағы да серуенге шықты (Видео) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шедд океанариумының пингвиндері тағы да серуенге шықты (Видео)

02.04.2020

АҚШ-тың Чикаго қаласында орналасқан Шедд океанариумының пингвиндері тағы да серуенге шықты. Бұл «ұшпайтын құстардың» мұхит қалашығын осымен екінші рет емін-еркін аралауы. Шедд океанариумы әлемде коронавирус пандемиясының таралуына байланысты уақытша жабылған болатын.

Әлеуметтік желі қолданушыларына танымал Велингтон есімді пингвин дельфиндер жүзіп жүрген аймаққа барып, «ақылды» су жануарларының өкілдерімен кездесті. Океанариум тұрғындарының кездесуі әлеуметтің қызыушылығын танытты. Себебі қос жануар бір-біріне зерттеу жүргізген секілді ұзақ қарады.

Хабарламаларға жазылу