Астаналық опера және балет театры сахнасында жануарлар карнавалы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астаналық опера және балет театры сахнасында жануарлар карнавалы өтеді

14.01.2016
Астаналық опера және балет театры сахнасында жануарлар карнавалы өтеді

Руслан Баймурзин басқаратын «Астан Опера» Камералық оркестрі сюитаны 17 қаңтарда орындайды.

«Жануарлар карнавалы» әзілге толы және оның жеке бөліктерінен белгілі шығармалар мен олардың үзінділеріне сықақтарды тыңдауға болады, деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

«Концертте балаларға қалалық хайуанаттар бағына бізбен бірге Жануарлар карнавалына музыкалық серуен жасауды ұсынамыз. Жас тыңдарман симфониялық оркестрдің аспаптарының дыбысы қалай шығатынын, олардың жануарлар мен құстардың дауысы мен қылықтарын қалай дәл келтіретінін естиді. Константин Рубенскийдің өлеңдері концерттің поэзиялық арқауы болады. Концертте көрерменге қазақ тілінде әсерлі әңгімелер мен жұмбақтар ұсынылады. Бұдан бөлек, музыканы жете қабылдау үшін балаларға көркем анимация әзірленді», -дейді музыкатанушы Сәуле Мәулетова.

Хабарламаларға жазылу