«Ән салады мамандар». Бүгінгі жеңімпаз - «Сәулетшілер дауысы» тобы (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ән салады мамандар». Бүгінгі жеңімпаз - «Сәулетшілер дауысы» тобы (ВИДЕО)

01.04.2017

«Ән салады мамандар» жобасының бүгін екінші саны эфирге шықты.  Бүгінгі жобада химиктер, пошта қызметкерлері және сәулетшілерден құралған «Білікті химиктер», «Көктем гүлдері», «Сәулетшілер дауысы» топтары өзара бақ сынады.

Үш топ та өте жақсы өнер көрсетіп, қазылар алқасының жоғары бағасын алды. Алайда, бүгінгі сында қарсыластарынан оза шапқан топ – «Сәулетшілер дауысы» болды.

Еске сала кетейік, «Ән салады мамандар» жобасын әр сенбі сағат 20:35-те Ұлттық арнадан тамашалай аласыздар!

Хабарламаларға жазылу