Орнитология қандай мамандық? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орнитология қандай мамандық?

13.02.2016
Орнитология қандай мамандық?

Орнитология құстардың табиғаттағы және арнайы мекендердегі іс-әрекетін қадағалайды. Құстардың дауысын, олардың әдеттерін зерттейді және қоныс аударуын байқап жүреді. Ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысады.

Олардың жұмысына құстардың арнайы топтары мен жеке түрлерінің әдеттерін, әртүрлі іс-қимылдарын зерттеу кіреді. Бұндай маман әр құстың қандай аспен қоректенетінін, қай жерде өмір сүретінін, балаларын қалай өсіретініне де қызығады.

Көп жағдайда орнитологтар өздерінің зерттеуі үшін құстардың аяғына іліп жіберетін арнайы білезікті пайдаланады. Сол арқылы олар өз құстарының жағдайын, қайда ұшып кеткенін және көптеген басқа мәліметтерді біле алады.

Хабарламаларға жазылу