Мүмкіндігі шектеулі балалар концерт қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мүмкіндігі шектеулі балалар концерт қойды

21.06.2014
Мүмкіндігі шектеулі балалар концерт қойды
 
 «Еркеле» қоғамдық қорының қолдауымен Алматыда мүмкіндігі шектеулі өнерпаздардың «Еркелейін еліме» атты концерті өтті. Шараға республиканың әр өңірінен 50-ге жуық адам қатысты.
 
«Қол-аяғым кем, шарасызбын», деген жоқ. Керісінше, сахнаға шығып, шама шарқынша ән айтып, би биледі.
 
Туғанынан сырқатқа ұшырап, өмірде кедергілерге тап болса да, жақындарының, елінің қолдауымен бүгінгі жағдайға жетіп отыр.
 
Концерттен түскен қаржы мүмкіндігі шектеулі жандардың өздеріне үлестіріледі.
 
Ерғали Ахметов, өнерпаз ( Маңғыстау облысы):
Көптің көңілінен шықты, деп ойлаймын. Қошемет көрсетті. Ұйымдастырушыларға, «Еркеле» қоғамына біз сияқты мүмкіндігі шектеулі жандарды қуанышқа бөлеп,  осындай шара ұйымдастырып, қолдағандарына алғысымды айтамын.
 
Айгүл ЕРМАХАН

Хабарламаларға жазылу