Дінмұхамед Қонаевтың еңбектері терең зерттелуі тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дінмұхамед Қонаевтың еңбектері терең зерттелуі тиіс

19.01.2015
Дінмұхамед Қонаевтың еңбектері терең зерттелуі тиіс

Дінмұхамед Қонаев атындағы колледждің ұстаздары ғылыми-практикалық конференцияда осындай пікір білдірді.

Жиында Дінмұхамед Ахметұлының еңбектерін жаңғырту мақсатында оқушылардың зерттеу жұмыстары тыңдалды.

22 білімгер қоғам қайраткерінің отыз жылдан астам ел басқарған уақытта халқы үшін игілігі мол істер атқарғанын баяндады.

Жастардың бұл ізденістеріне разы болған қонаевтанушылар мен философтар мемлекет қайраткерінің елжандылығына тоқталып, адамгершілік турасындағы тың әңгімелерін айтты.

 

Сәкен МАХАМЕТКЕРИМОВ

Хабарламаларға жазылу