Бүгін - Дінмұхамед Қонаевтың туған күні (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - Дінмұхамед Қонаевтың туған күні (ВИДЕО)

12.01.2015
Бүгін - Дінмұхамед Қонаевтың туған күні (ВИДЕО)

Бүгін - мемлекет қайраткері, халқымыздың біртутар тұлғасы Дінмұхамед Қонаевтың туған күні.

Алматыда заңғар тұлғаға арналған тарихи-мемориалдық мұражай кешені бар. Оның құрылғанына 10 жылдан астам уақыт өтті.

Мұнда қоғам қайраткерінің өмірі мен еңбек жолынан сыр шертетін үш мыңнан астам жәдігер сақталған.

«Дінмұхамед Қонаев қару-жарақ және оттық жинаумен айналысқан. Коллекциясында 500-ден астам оттық бар. Бұл жерде олардың тек алтауы бар», дейді мұражай қызметкерлері.  

Мәдени нысанның «Қонаев мұражайының қару-жарақтары. 18 жылдан соң» деп аталатын экспозициялық залымен «Таңшолпаннан»  таныса аласыздар.

Хабарламаларға жазылу