Шымкенттегі Дінмұхамед Қонаев мұражайы жөндеуді қажет етеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкенттегі Дінмұхамед Қонаев мұражайы жөндеуді қажет етеді

25.08.2014
Шымкенттегі  Дінмұхамед Қонаев мұражайы жөндеуді қажет етеді

Мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек ері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың Шымкенттегі  мұражайы жөндеуді қажет етеді.

Осыдан 9 жыл бұрын ашылған мұражайдың шатыры ұшып, төбесінен су аға бастаған. Қабырғалары түсіп, едендері ескірген. Мұражай қызметкерлерінің  айтуынша, ғимарат ашылғалы бері бірде-бір рет жөндеу көрмепті.

Мұндағы 300-ден астам экспонат  пен 1000-нан аса еңбектің  су астында қалатын түрі бар.

Айнұр АҚБАЕВА

Хабарламаларға жазылу