Дінмұхамед Қонаевтың туғанына 112 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дінмұхамед Қонаевтың туғанына 112 жыл

12.01.2024

Бүгін аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың туған күні. Яғни саяси тұлғаның туғанына 112 жыл толып отыр. Дінмұхамед Қонаев өз заманының ұлы саясаткері бола білді. Ол билік басында болған уақыт күрделі, қарама-қайшылықты болғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев 1993 жылы тамыздың 22-де 82 жасқа қараған шағында дүние салды.

Әйгерім Ердәулетқызы


Хабарламаларға жазылу