Мақтарал ауданындағы бірқатар елді мекендерге газ тартылмаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мақтарал ауданындағы бірқатар елді мекендерге газ тартылмаған

16.01.2015
Мақтарал ауданындағы бірқатар елді мекендерге газ тартылмаған

Осылай деген жұрт ауыл орталығына жиналып, ауыл басшыларына наразылықтарын жеткізді.

Тұрғындардың айтуынша, жергілікті биліктегілер де, жауапты мамандар да желтоқсан айындағы уәдесін орындамай отыр.

Жұрт газ келмеуінің себебі құбыр тартқан фирмалардың текетіресінен бе, деп жорамалдайды. Өйткені бірі қызметін екіншісінікінен қымбатқа бағаланған.

500 тарта түтіннің басым көпшілігі сол арзан мердігерді жалдапты. Бірақ бұл тірліктері биліктегілерге жақпай қалғанға ұқсайды.

Көгілдір отынға жауаптылар болса бар кінә тұрғындардың өзінен деп отыр. Жеке кәсіпкерді жалдап, құбыр тартып алғанымен ешқандай құжат жасатпаған. 

Екі компанияның немқұрайлы жұмысынан жұрт осылайша жылусыз қалды. Енді әркім өздігінше әрекет етуден басқа амал қалмай тұр.

 

Айнұр АҚБАЕВА

Хабарламаларға жазылу