ОҚО-ның Сарыағаш ауданындағы тозығы жеткен электр желілері жаңартылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОҚО-ның Сарыағаш ауданындағы тозығы жеткен электр желілері жаңартылады

09.02.2017
ОҚО-ның Сарыағаш ауданындағы электр желілерінің әбден тозығы жеткен. Ағаш бағаналардың түбі шіріп, құлағалы тұр. Оның үстіне халық санының артуына байланысты электр трансформаторларының қуаттылығы кейбір аймақтарды толық жарықтандыруға шамасы жетпейді. Аудан әкімінің есеп беру жиынында сөз алған жұртшылық осы қиындықты күйініп айтты. Сондай-ақ, жолдың нашарлығы мен елді мекендерге табиғи газ желісін тарту мәселесі де өзекті күйінде қалып отыр. Осы қиындықтарды шешу үшін биыл 19 ауылға көгілдір отын жеткізіледі. Тағы 17 елді мекеннің электр желісі жаңарады.

Ғани ҚАЛМАХАН

Хабарламаларға жазылу