Мақтарал ауданындағы тасқын жайлаған 5 елді мекен судан құрғатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мақтарал ауданындағы тасқын жайлаған 5 елді мекен судан құрғатылды

21.05.2020

Құтқарушылардың 20 күн бойғы тынымсыз жұмысының арқасында Мақтарал ауданындағы тасқын жайлаған 5 елді мекен судан құрғатылды. Бұл жұмысқа Ішкі істер және Қорғаныс министрілігі, жергілікті атқарушы билік құрылымдарының 1 мың 286 қызметкері жұмылдырылды. 200-ге тарта техника жұмыс істеді. Апаттан құтқару ісіне Өзбекстан елінен де мамандар көмекке келді. Апат аймағында елді мекендердің ішін мал өлекселерінен тазарту, аулаларды дезинфекциялау жұмысы да қатар жүргізілді. Бүгінде бұл жұмыстар да толықтай аяқталып отыр. Қазір тұрғындар мен құрылысшылар қираған үй-жайларды бұзып, тегістеп, орнына жаңа баспана тұрғызудың қамына кірісті. Баспанасынан айырылған 2 жарым мыңнан аса тұрғын эвакуациялық орталықтарда күн кешіп жатыр.

Ғани ҚАЛМАХАН


Хабарламаларға жазылу