Ақтөбе облысында жол қозғалысына уақытша шектеу қойылды

13.01.2015
Ақтөбе облысында жол қозғалысына уақытша шектеу қойылды

Атап айтқанда, «Самара-Шымкент» автожолының Батыс Қазақстан облысы шекарасынан Ақтөбе қаласына дейінгі учаскесіне және «Ақтөбе-Орск» тасжолының Ақтөбеден Ресеймен бөлігіне дейін жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына тыйым салынды. 

Ішкі істер департаменті мамандарының айтуынша, бұл қарлы боран салдарынан болатын көлік апаттарының алдын алуға сеп болмақ.

Облыста соңғы тәулікте ірі жол апаты тіркелген.

 

Жақсыбек КЕМАЛ

Хабарламаларға жазылу