Еліміздегі 6 облыста жолдарды су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі 6 облыста жолдарды су басты

07.04.2024

Еліміздің 6 облысындағы 17 жол учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы Қазавтожол мәлімдейді. Күре жолдарын су басып қалған өңірлер: Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелген. Жалпы ұзындығы 3910 метр күре жол үстінде су бар. Қазір республикалық жолдарда 300-ге жуық бірлік техника мен 400-дей адам жұмылдырылған.


Хабарламаларға жазылу