Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облыстарында жол жабық - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облыстарында жол жабық

11.03.2016
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облыстарында жол жабық

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарында көлік қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖ комитетінен хабарланды.

Ақтөбе облысында  ауа райының нашарлауына байланысты (жаңбыр, көктайғақ) «Самара-Шымкент» республикалық тасжолы 703 шақырымынан 526 шақырымына (Маржанбұлақ  ауылынан БҚО шекарасына) дейін және 773 шақырымынан 835 шақырымына (Белогорка ауылынан Хромтау қаласына) дейін жүк және жолаушылар автокөліктеріне қозғалыс тоқтатылды.          

Сондай-ақ, ауа райының нашарлауына байланысты (жаңбыр, көктайғақ) «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» республикалық тасжолы 11 шақырымынан 92 шақырымына (Ақтөбе қаласынан Қандыағаш қаласына) дейін жүк және жолаушылар автокөліктеріне қозғалыс тоқтатылды.

Батыс Қазақстан облысында көктайғақ салдарынан барлық бағыттар бойынша көліктің барлық түрлеріне жол жабық.

Хабарламаларға жазылу