Көктемгі тасқынға байланысты Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарында жолдар жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көктемгі тасқынға байланысты Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарында жолдар жабылды

06.04.2016
Көктемгі тасқынға байланысты Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарында жолдар жабылды

«Қазавтожол» РМК хабарлағандай, СҚО-да қардың еруі мен судың жолға ағуы салдарынан «Жезқазған-Петропавл» тасжолының 670-701 км аралығы -  Тоқсанби ауылынан Новоишимское ауылына дейінгі аумақ; «Екатеринбор-Алматы» тасжолының 729-795 км аралығы - Қостанай облысы шекарасынан Рузаевка ауылына дейінгі (781 км су аққан) учаскесінде көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

Сонымен қатар, Ақтөбе облысында «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» (200-220 шақырым) жол учаскесінде барлық автокөлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады.  Бұл -  Мөңке би ауылынан Қайдауыл кентіне дейінгі учаске.               

Аталған учаскелерде ескерту белгілері, дабыл бағаналары қойылды. Тәулік бойына кезекшілік ұйымдастырылды.

Хабарламаларға жазылу