Ақтауда «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасына қатысушылардың құжаттары жоғалып кетті

21.10.2014
Ақтауда «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасына қатысушылардың құжаттары жоғалып кетті

Ақтау қалалық әкімдігінде «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша қабылданған 300 адамның пәтеріне қатысты құжаттар, комиссия отырысының хаттамасы үшті-күйлі жоғалып кетті. Қазір жауапты қызметкерлер үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Бағдарламаның берекесін кетірген тағы бір жайт – «Аққу-1» шағын ауданында салынған үйлер. Ғимараттар үшін 5 миллиард теңгеден астам қаражаты қаралған құрылыс тоқтап қалды. Оған нысанның қисаюы мен жарылуы себеп.

«Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша пәтердің бір шаршы метрі – 115 мың теңге. Ал, қазір Ақтаудағы үйлер одан 2 есе қымбат.

 

Жазира ӘБІЛ

Хабарламаларға жазылу