Астанада «Қолжетімді баспана-2020» бойынша құжаттар қашан қабылданатыны хабарланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Қолжетімді баспана-2020» бойынша құжаттар қашан қабылданатыны хабарланды

31.01.2014
Астанада  «Қолжетімді баспана-2020» бойынша құжаттар қашан қабылданатыны хабарланды

лордада 2014 жылдың ІІ тоқсанында «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша жас отбасылардан құжат қабылдау жүргізіледі. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Тұрғын үй басқармасы хабарлаған. 

 
«Соңғы уақытта азаматтардан «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында жас отбасыларға тұрғын үй беруге қатысты сауалдар жиі келіп түседі. Осыған орай,  Астана қаласында «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша жас отбасылардан құжаттарды қабылдау үстіміздегі жылдың екінші тоқсанында жүргізілетінін хабарлаймыз»,- делінген хабарламада. 
 
Тұрғын үй басқармасының хабарлауынша, қажетті құжаттар тізімі, оларды қабылдау орны мен мерзімі бұқаралық ақпарат құралдарында қосымша жарияланады. 
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы  Өңірлік даму министрлігі аталған бағдарламаға өзгерістер енгізу жұмыстарын жүргізуде.  

Хабарламаларға жазылу