«Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша 5076 жас отбасының құжаттары қаралуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша 5076 жас отбасының құжаттары қаралуда

19.08.2014
«Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша  5076 жас отбасының  құжаттары қаралуда

Жас отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету - «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының басты  бағыттарының бірі.

Биыл сатып алу мен арендалық баспана алуға құжаттарды қабылдаудың қорытындысы бойынша  5076 жас отбасы бағдарламаға қатысуға жіберілді. 

Келесі кезеңде іріктеуден өткен азаматтардың құжаттары төлем қабілеттілігін растау үшін «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ұйымына беріледі. Одан кейін қалалық Тұрғын үй басқармасы пәтерлерді үлестіріп, мәліметтерді арендалық келісімдер жасау үшін қайтадан компанияға жолдайды.

Өз кезегінде ипотекалық компания азаматтармен сатып алу құқығымен арендалық келісімдер жасайды. 

Астана қаласы Тұрғын үй басқармасының мәліметтеріне сәйкес, сатып алу мүмкіндігімен жалға алудың негізгі шарттары мынадай:

- Сатып алу мүмкіндігімен жалға алу мерзімі - 15 жыл;

- Қоныстанған кезде ең төменгі бастапқы жарна 6 айлық арендалық төлемді құрайды. Жалға алушы «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық компаниясы» АҚ келісімімен сатып алу мүмкіндігімен үшінші тұлғаға құқығын беру мүмкіндігіне ие болады.

Сонымен қатар, ол ағымдағы қаржылық жағдайына қарай ауданы үлкен немесе кіші арендалық баспанаға көшуге, 10 жыл өткен соң арендалық баспананы қалған айлық төлемдер сомасына тең бағаға сатып алуға, сонымен қатар табысы жетпеген жағдайда өз отбасының мүшелері құрамынан бірге жалға алушыларды тартуға құқылы. 

Еске салайық, биыл 2-14 маусымда жас отбасылардан «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасына қатысуға өтініштер қабылданды.

Қатысушыларды іріктеу баллдары (ең көп балл жинау) арқылы жүргізіледі, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Хабарламаларға жазылу