Атырауда Конституция Күні қарсаңында 144 отбасы жаңа пәтерге қоныстанды

29.08.2014
Атырауда Конституция Күні қарсаңында 144 отбасы жаңа пәтерге қоныстанды

Атырауда 144 отбасы «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы бойынша жаңа пәтерге ие болды.

«Біз 72 пәтері бар екі үйді мереке қарсаңында тапсырып отырмыз. Бұл үйлер «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы бойынша салынды. Бұл пәтерлерді көпбалалы отбасылар, тозығы жеткен үй тұрғындары, бюджетті мекемелердің қызметкерлері», - деді Атырау облысының әкімі Бақытқожа Ізмұхамбетов.

Бақытқожа Ізмұхамбетовтың сөзінше, жылдың соңына дейін мемлекеттік бағдарлама бойынша 1832 отбасыға арналған бірнеше үй салынады деп жоспарлануда.

 

Хабарламаларға жазылу