«Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасына құжат қабылдау басталады
Астанада «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша құжаттарды қабылдау басталады. Осыған орай, жергілікті әкімдіктің коммуналдық тұрғын үй қорында кезекте тұрған қала тұрғындары қажетті құжаттарын қазанның 13 мен 25 аралығында тапсырулары тиіс, дейді Тұрғын үй басқармасының басшысы Руслан Ахметов.
Оның айтуынша, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры елорданың сол жағалауында орналасқан «Шығыс» тұрғын үй кешенінен әкімдік арқылы 678 пәтерді халықтың игілігіне пайдалануға беруді жоспарлап отыр. 15 жылға сатып алу құқығымен жалға берілетін пәтердің саны - 169, ал тікелей сатып алу бойынша 509-ы шығарылмақшы. Құжаттар «Жастар» сарайында қабылданады.
Алмат ӘБДІРАМАН
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бадам өзенінің жағасын ел болып тазалады
09.06.2026, 17:35
Эстетикалық топтық гимнастикадан Азия чемпионаты өтеді
09.06.2026, 17:30
Үлкен Алматы көлінің маңы қоқыстан тазартылды
09.06.2026, 17:27
«Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын» тасжолы тоқтаусыз салынуда
09.06.2026, 17:25
Қызылорда облысының Абай ауылы су жүйесіне қосылды
09.06.2026, 17:22
Жылқышыға сенген халық малынан айырылған
09.06.2026, 17:17
5 мың науқас ағза трансплантациясына мұқтаж
09.06.2026, 17:15
Кенияда карантин орталығына қарсы шеру жалғасуда
09.06.2026, 17:12