Алматы маңында қолда өсірілген 3 бүркіт табиғатқа жіберілді

21.10.2014
Алматы маңында қолда өсірілген 3 бүркіт табиғатқа жіберілді

Жыртқыш құстарды «Сұңқар» қорығының орнитологтары баққан. Тәлімбақ мамандары былтыр 7 бүркіт ұшырған болатын.

Игі іс «Өз үлесіңді қос. Табиғатты сақтап қал» жобасы аясында жүргізіліп отыр. Ондағы мақсат - бүгінде сиреп, Қызыл кітапқа енген бүркіттерді қорғап, санын көбейту. 

Бүгінде әлемде 85 мыңға жуық бүркіт болса, біздің елдегі саны 2 мыңдай-ақ. Әрине құзды-жартасты, ұланғайыр далалы жеріміз үшін тым аз. Оған бірден бір себеп – адам факторы дейді, мамандар.

Жыртқыш құстардың жоғалып бара жатқан түрін қалпына келтіруді қолға алған елде әзірге бір-ақ ұйым бар. Ол – Алма-Арасан шатқалындағы «Сұңқар» қоры. Орталық өз жұмысын бастаған 25 жылда 643 сұңқар мен 10 бүркітті табиғатқа жіберді.

 

Жазира ИСАЕВА

Хабарламаларға жазылу