Келесі жылы Шалқар қаласының 3 көшесі жөнделеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Келесі жылы Шалқар қаласының 3 көшесі жөнделеді

11.10.2014
Келесі жылы Шалқар қаласының 3 көшесі жөнделеді

Хабарларымыздың бірінде Ақтөбе облысы Шалқар қаласындағы көшелердің жайын айтып Ілияс Резванов есімді азамат хабарласқан еді. Ол  шағын шаһардағы көшелердің 3-4-і ғана жөнделгенін жеткізді.

Ал, аудандық тұрғынүй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы эфирде 6 көшеге асфальт жамылғысын төсеу жұмысы аяқталып қалғанын айтқан болатын.

Бұл мәселені назарда ұстаған аймақтағы тілшіміз жауапты мекеме өкілінен нақты жауап алды. Белгілі болғаны, келер жылы аудан орталығында бөлім басшысы айтқандай тоғыз, емес, үш көшеге ғана жөндеу жүргізілетін болыпты.

Жақсыбек КЕМАЛ

Хабарламаларға жазылу