Астананың кейбір ауданында жарық пен ыстық су уақытша ажыратылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астананың кейбір ауданында жарық пен ыстық су уақытша ажыратылады

24.06.2014
Астананың кейбір ауданында жарық пен ыстық су уақытша ажыратылады
Бүгін және ертең Астананың кейбір ауданында ыстық су беру уақытша тоқтатылады. Бұл туралы astana.kz сайтына «Астана-Теплотранзит» АҚ хабарлады.
 
24-25 маусымда жылу магистралдарын тығыздыққа дайындау және сынау жұмыстары өткізілуіне байланысты Энергетиктер кенті, Ақбұлақ шағын ауданы 1, 2, 3, 4, Ақыртас, Қарқабат, Сарайшық, Қалдаяқов, Байтұрсынов, Қошқарбаев, Айнакөл, Нәжімеденов, Дауылпаз, Қордай көшелері, сондай-ақ, Жұмабаев, Момышұлы және Тәуелсіздік даңғылдарында ыстық су ажыратылады.

Бұдан басқа, «Астана-АЭК» АҚ мәліметінше, бүгін келесі мекенжайлар бойынша электр энергиясын беру тоқтатылады: Желтоқсан көшесі 37, 37/1, Жеңіс даңғылы 34, 36, 36/1, 36/2, 36/3, 36/3, Бөгенбай батыр даңғылы 37; Қарағанды көшесі, Асан Қайғы көшесі, Тараз көшесі 18/5 - 20/6, Жангельдин көшесі 110-120; Заречный кенті, Ақселеу көшесі, Степной тұйық көшесі, Қаратөбе көшесі; Әулие Ата көшесі 1-15, 4-24; Жангельдин көшесі 33/1 - 35/8, Лермонтов көшесі 1-29, Күлтегiн тұйық көшесі 2-16, 1-9; Мәскеу көшесі 18, Мәскеу көшесі 20, 20/1, 20/2 және Фрунзе көшесінде. Жарық күндізгі уақытта өшіріледі.

Хабарламаларға жазылу