Астанада 240 орындық жаңа «Жансая» балабақшасы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада 240 орындық жаңа «Жансая» балабақшасы ашылды

12.11.2015
Астанада 240 орындық жаңа «Жансая» балабақшасы ашылды

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арналған «Нұрлы жол» Жолдауында айтылған тапсырмаларын іске асыру мақсатында мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде орын тапшылығын азайту бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.  

Аталған бағдарлама аясында «Алматы» ауданы Айнакөл көшесі, 66/1 (Қаныш Сәтбаев (Мирзоян) көшесінің қиылысында) мекенжайында № 83 «Жансая» балабақшасы ашылды. Жоба бойынша мектепке дейінгі білім беру мекемесі 240 орынға есептелген, онда әр түрлі жастағы балалар үшін 12 топ жұмыс істейді.

Бұдан бөлек, осы жылы үш балабақша пайдалануға берілді, олар: Түркістан-Орынбор көшелерінің қиылысы ауданындағы 200 орындық № 15 «Дарын»,  С. Торайғыров көшесі, 11 мекенжайындағы 140 орындық № 80 «Ботақан» («Мемсараптама» РМК инвесторлары есебінен), 38/2 көшесі мекенжайында орналасқан № 84 «Кәусар» («НК «ҚТЖ» ҰК» АҚ инвесторлары есебінен) сәбилер балабақшалары. Ағымдағы жылдың аяғына дейін тағы да екі сәбилер балабақшасын пайдалануға беру жоспарланып отыр, олар: 240 орындық № 82 «Айару» (Сауран көшесі, 24), 240 орындық  № 86 «Зияткер» (Сығанақ көшесі, 1) балабақшалары.

Мектепке дейінгі білім беруге арналған жаңа нысандар балалардың ойын ойнауына, демалуына және оқуына қажетті барлық орын-жайлардан тұрады.

Жоғарыда аталған жаңадан пайдалануға берілетін барлық алты мектепке дейінгі мекемелерге жасақтау 2015 жылдың 13 қарашасында жоспардан тыс жүргізіледі. Оны кезекке тіркелген барлық жас ерекшеліктері топтарындағы балалар үшін Қарталы көшесіндегі № 61 мектепте жұмыс тобы бөледі.

Жыл басынан бері қазірдің өзінде үш балабақша жұмыс істеп жатқанын естеріңізге саламыз, олар: Түркістан көшесі, 12/1 мекенжайындағы 240 орындық № 78 «Асыл», А195 көшесі, 1-үйдегі 240 орындық «Шабыт», Нәжімеденов көшесі, 18/3 мекенжайындағы 240 орындық «Әсемгүл» балабақшалары.

Бұдан бөлек, 2016 жылдың 1 қаңтарынан Астана қаласының коммуналдық меншігіне Хусейн бен Талал мен № 36 көшелерінің қиылысы ауданындағы көппәтерлі тұрғын үй кешенінің бірінші қабатында орналасқан 48 орындық балабақша пайдалануға беріледі. Оны жұмыс істеп жатқан №54 «Нұрай» балабақшасына қосу ұйғарылып отыр. Бұл нысан Бас прокуратура қаражаты есебінен тұрғызылып, 2015 жылы 27 қазанда ашылды.

Хабарламаларға жазылу