Орталық сайлау комиссиясының төрағасы бақылаушылармен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы бақылаушылармен кездесті

30.09.2014
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы бақылаушылармен кездесті

Ертең елімізде Парламент Сенатының депутаттарын сайлау өтеді. Бүгін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы елімізге бақылаушы ретінде келген халықаралық ұйым өкілдері мен шет мемлекеттердің бақылаушылар миссияларын қабылдады. Атап айтсақ, Қуандық Тұрғанқұлов түске дейін Қырғыз Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшелерімен және ТМД елдері бақылаушылар миссиясының жетекшісі, осы ұйымның атқарушы комитетінің төрағасы Сергей Лебедевпен кездесті. Орталық сайлау комиссиясының мүшелері, сондай-ақ өзбекстандық және башқұртстандық әріптесерімен де кездесіп, сайлау науқанын ұйымдастыру мен ертеңгі шараға дайындық барысын жан-жақты талқылады.

 

Сергей Лебедев, ТМД бақылаушылар миссиясының төрағасы:

ТМД елдері бақылаушылар құрамында ұйымға мүше барлық дерлік елдердің мүшелері бар. Өкінішке қарай, украиналық әріптестеріміз ғана жоқ. Біздің делегация құрамында 114 адам бар. Олар өз жұмысына кірісіп кетті. Ертең өкілдеріміз барлық өңірде сайлау барысын қадағалайтын болады.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ  

Хабарламаларға жазылу