Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Н.Әбдіров Еуро комиссия өкілімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Н.Әбдіров Еуро комиссия өкілімен кездесті

22.04.2022

Бүгін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісі Кестутис Янкаускаспен кездесті. Сондай-ақ, кездесуге комиссия хатшысы Мұхтар Ерман мен Елшінің орынбасары Мачей Мадалински қатысты. Кездесу барысында комиссия төрағасы Еуроодақтың Қазақстандағы Елшісін Орталық сайлау комиссиясының қызметімен құттықтап, халықаралық қоғамдастық өкілдерімен ашық саясатты іске асыру және ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі жұмыстың жаңа тәсілдерімен таныстырды. Жаңа саяси реформалардың тұжырымдамалық негіздеріне ерекше назар аударылды. Кездесу қорытындысы бойынша сындарлы диалогты жалғастыру және ынтымақтастықты кеңейту, тәжірибе мен ақпарат алмасу, бірлескен іс-шаралар өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. 

Хабарламаларға жазылу