Референдум комиссиясының төрағасы шетелдік байқаушылармен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Референдум комиссиясының төрағасы шетелдік байқаушылармен кездесті

04.06.2022

Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров пен комиссия мүшелері шет мемлекеттердің орталық сайлау органдары өкілдерімен кездесті. Саяси науқанның ерекшеліктері, кезеңдері мен дауыс беру күніне дайындық барысы туралы айтылды.

Референдумға Түркия, Өзбекстан, Болгария, Молдова, Түрікменстан, Әзірбайжан секілді бас-аяғы 13 мемлекеттен байқаушылар келді.

Нұрлан Әбдіров сонымен қатар Шанхай ынтымақтастық ұйымы байқаушылар миссиясы және бірқатар халықаралық ұйымдардың өкілдерімен де кездесті.  

Хабарламаларға жазылу