Орталық сайлау комиссиясының төрағасы атыраулықтармен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы атыраулықтармен кездесті

23.02.2022

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров атыраулықтармен кездесіп, тұрғындардың саяси науқанға қатысты ой-пікірін тыңдады. Жиында қоғамдық ұйым өкілдері мен партия мүшелері сайлау жүйесіне қатысты ұсыныстарын жеткізді.  Жергілікті белсенділер мұғалімдерді саяси науқанды ұйымдастыру жұмыстарына еркінен тыс тартпауды сұрады. Талқыланған мәселелерге заң негізінде түсінік беріліп, ұсыныстар назарға алынды.  Нұрлан Әбдіров өңір жастарымен де кездесті. Алдағы сайлауда жастардың белсенділігін арттыру бойынша бірқатар нақты ұсыныстар айтылды. 

Жұмабай Доспанов,  тарихшы-журналист:

Облыстық, аудандық, қалалық сайлау комиссияларының құрамдарында таза азаматтар болуы керек. Алдағы сайлаулардан тек қана әділдікті күтеміз.


Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу