Қызылорда облысында Сенат депутаттығына 3 үміткер тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында Сенат депутаттығына 3 үміткер тіркелді

19.09.2014
Қызылорда облысында Сенат депутаттығына 3 үміткер тіркелді

Қызылордада Парламент Сенаты депутаттарының сайлауына дайындық қарқынды жүргізілуде.

Облыстан жоғары палата депутаттығына 5 үміткер ұсынылса, жуырда оның екеуі кандидаттықтан бас тартты.

Қалған үш үміткер аймақты аралап, аудандық, қалалық және облыстық мәслихаттағы таңдаушылармен жүздесті.

Қазір олар үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде.

Гүлжан ҚАЛТАЙҚЫЗЫ

 

 

Хабарламаларға жазылу