Шығыс Қазақстан облысынан Сенат депутаттығына 3 үміткер тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстан облысынан Сенат депутаттығына 3 үміткер тіркелді

17.09.2014
Шығыс Қазақстан облысынан Сенат депутаттығына 3 үміткер тіркелді

Шығыс Қазақстан облысынан Сенат депутаттығына 3 үміткер тіркелді. Олардың біреуі заң шығарушы органның жоғарғы палатасына өзін екінші мерзімге ұсынған, ал қалған екеуі облыстық мәслихаттың депутаттары. Қазір үміткерлер сайлаушылармен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Шығыс Қазақстан облысының атынан Сенатқа сайланатын депутатты жергілікті мәслихаттардың 313 депутаты таңдайды. Аумақтық сайлау комиссиясының ақпараты бойынша, өңірде 1-қазан күні болатын сайлауды өткізуге барлығы дайын. 

Камал Арынханов, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі: 

Парламенттің Сенат депутатына үміткерлер облыстың аудан, қалаларын аралап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр. Олардың сайлаушылармен кездесуінің арнайы кестесі бекітілген.

Берік КӨШЕРБАЕВ 

Хабарламаларға жазылу