Шымкентте жаңадан салынып жатқан театр ғимараты өртенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте жаңадан салынып жатқан театр ғимараты өртенді

11.09.2014
Шымкентте жаңадан салынып жатқан театр ғимараты өртенді

Шымкентте жаңадан салынып жатқан театр ғимараты өртке оранды. Ғимараттың шатырынан өрт шығып,  нысанда жұмыс істеп жатқан 100-ге тарта  адам  қауіпсіз жерге көшірілді.

Оқиға орнына 17 арнайы техника мен 38 өрт сөндіруші  жұмылдырылды. 

Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Нұрлан Темірбаевтың мәліметіне қарағанда, шатырдың 200 шаршы метрге жуығы жанып кеткен.

Айнұр АҚБАЕВА 

Хабарламаларға жазылу